Атырау, 28 қараша 19:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Сириялық босқындар жаппай еліне оралуда

1 524 просмотра


Бір күн ішінде 1200-ден астам сириялық босқын өз еліне оралды. Мигранттарды қабылдау орталығының хабарлауынша, отанына қайтып келген сириялықтардың саны жақын күндері екі есеге артуы мүмкін. 

Себебі мемлекет көрші елдермен арадағы әуе тасымалын қайта жандандырған болатын. Сондай-ақ қала мен ауылдарда инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тұрғын үйлер мен жолдарға жөндеу жүргізілуде. Бір күн ішінде Сирия қарулы күштерінің инженерлері 2 жарым мың гектарды минадан тазалаған. 

Мамандар 21 жарылғыш заттың көзін жойып үлгерді. Айта кетейік, Сириядағы қарулы қақтығыс 2011 жылдан бері жалғасып келеді. 2017 жылдың соңында Сирия мен Ирак аумағында «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» жеңілді деген ақпар тарады. Бүгінде өңірді содырлардан тазарту операциясы жалғасып жатыр. 

Дереккөз: 24.kz

9 ақпан 2019, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.