Атырау, 28 қараша 19:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​ЕО Brexit-ті қайта қараудан бас тартты

1 984 просмотра
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй және Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер.

Еуропалық Одақ Brexit бойынша келісімді қайта қараудан бас тартты. Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй мен Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер осы мәселеге қатысты кездесу өткізіп, Мэй үкіметі Еуроодақтан шығу келісімінің кейбір бөлімдеріне өзгерту енгізу туралы ұсыныс білдірген. Бірақ, Еурокомиссия бұл ұсынысты қараудан бас тартты. 

Юнкердің айтуынша, ЕО Ұлыбританиямен келешек қатынастар туралы саяси мәлімдемеге өзгертулер енгізуге дайын. Brexit тақырыбы саясаттағы күн тәртібінде тұрған мәселеге айналғалы бері, Солтүстік Ирландия мен Ирландия Республикасы шекарасының болашағы да талқылана бастады. ЕО аталған мемлекет арасында қатаң төлқұжаттық бақылау мен шекаралық дау болмауы тиіс деген талап қойды. 

Сонымен қатар, Ұлыбритания 2019 жылғы 29 наурызда ЕО-дан шыққаннан кейін ЕО-ға 39 млрд фунт стерлинг төлейді. Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына жетпіс күн қалғанда Тереза Мэй депутаттарға қосымша жоспарын таныстырады. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

9 ақпан 2019, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.