Атырау, 24 қараша 20:29
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кімнің дәлелі мықты?

3 068 просмотра

Б. РЫСҚАЛИЕВТЫҢ отставкасынан кейін Ақордадан алыстағы  Атырау кенет саяси шиеленістің ошағына айналды және атышулы жанжалдардың, оның ішінде жергілікті депутаттардың демаршы секілді трагикомедиялық жағдайын ұрынды. Жақында ғана «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Н. НЫҒМАТУЛЛИННІҢ келу сапары, ҚР Бас прокуроры А. ДАУЫЛБАЕВТЫҢ және Экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес департаменті агенттігінің төрағасы Р. ТҮСІПБЕКОВТЕРДІҢ Атырау облысындағы сыбайлас жемқорлық турасындағы  шындықты ақтаруы әлі де нақтылана қойған жоқ. Шындығында не болып жатыр өзі?

«АЖ» танымал политолог, саяси ғылымдар кандидаты, «Тәуекелділікті бағалау тобының» басшысы Досым СӘТБАЕВТАН (суретте) әкімнің отставкасынан кейінгі саяси жағдайға қатысты баға  беруін өтінді.

Бергей Рысқалиевтың отставкаға кетуіне орай туындаған жағдайға түсінік бере кетсеңіз: Атырау облысындағы масштабты сыбайлас жемқорлық фактілеріне және оставкадағы әкімге қолдау танытқан жергілікті «элитаның» әрекетіне президент пен парламент тарапынан қандай реакция күтуге болатын еді? Алайда, 3 қыркүйекте бұл туралы әңгіме қозғалмады. Өсек-аяңға жол берген тағы да бір үзіліс пайда болды. Сіздіңше, қалай Рысқалиевтың қамқоршысы Аслан МУСИН мен президент арасында сауда-саттық жүріп жатыр ма?  Бұл күрестің ақыры немен тынбақ? Оның ақыры Мусиннің орнынан кетуімен немесе керісінше, оның ұстанымының нығаюымен аяқтала ма?        

– Біріншіден,тәжірибе көрсетіп отырғандай президент осындай немесе басқа да кадрлық ауыс-түйістерді, әсіресе, жергілікті деңгейдегі мәселелерді ешқашан жария етпейді. Сондай-ақ, нақты сыбайлас жемқорлық  фактілеріне деерекше назар аударылмайтындығы белгілі. Тергеу енді ғана басталды және облыстың бұрынғы басшысына және оның Астанадағы қамқоршысына қатысты әшкерелеу материалдары жинақталған папка әлі де «қалыңдай» түсетін болады. Жоғары шенді шенеуніктер араласқан кез-келген атышулы жемқорлық жанжалдар олардың өздеріне және тіпті, Ақорданың атына кір келтіретіндей таяқ болып тиетіндігін айту керек.

Екіншіден, сауда-саттық қашанда жүргізіліп отырады. Жалпы Қазақстандағы элиталар ішіндегі қарым-қатынас соғыс пен сауда құпиясының қызықты үйлесімі болып табылады. Біреулерінің көзін құртса, басқаларын сатып алып жатады. Бірақ, қазақстандық элитаның бірде-бір өкілі (тіпті, президент отбасының мүшелері) мемлекет басшысымен қандай да бір сауда-саттықты жүргізе алмайды, өйткені, олар тең тұлғалар (фигуры) емес. Егер Аслан Мусиннің басына проблема туған болса, онда оның ең басты міндеті президентпен саудаласу емес, барлық бағытты өз қарсыластарына қарай бұру болады. Істің мәніне көз жүгіртсек, қазір әшкерелеу әрекеттерінің күресі жүріп жатыр.

Президент «құлағына» жеткізу мүмкіндігіне ие түрлі топтардың аналитикалық жазбалары мен папкілері үнемі мемлекет басшысының үстеліне жетіп жатады. Алайда, нақты шешімді тек мемлекет басшысының өзі қабылдайды. Бірінші кезекте ол элита ішіндегі күштердің сақталу балансына маңыз береді. Бұл соғыста ешкім өзін жеңімпазбын деп сезінбеуі тиіс. Қашан да басты арбитр президент болып қалатындығын барлығы білуге тиісті.

– Атырауда болған  «Нұр Отан» партиясының активінде бас прокурор бұрынғы әкімге байланысты қылмыстық істің қозғалғандығын хабарлап, сыбайлас жемқорлықтың механизмдері мен масштабы туралы баяндап берді. Алайда, біздің оның қайда екендігі және осыған байланысты алынған шаралар туралы қойылған сауалымызға қысқаша жауап берді: білмеймін. Сіздіңше, бас прокурордың бұл әрекетінің сыры неде? Бұл тағы да сауда-саттықтың әлі аяқтала қоймағандығынан ба? 

- Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусиннің тағдырлары әлі шешіле қойған жоқ. Президент Рим императоры секілді әлі саусағын жоғары көтеріп және төменге түсіре қоймады. Жоғарыда айтып өткенімдей, шешім кімнің әшкерелеу дәлелдері күшті, соған қарай қабылданатын болады. Мусиннің тобына қарсы бірнеше ықпалды ойыншылардың біріккендігін ескерсек, олардың әшкерелеу папкісі барынша салмақты болуы мүмкін.

- Атыраулық депутаттардың демаршы, сіздіңше, жәй ғана ақымақтық па, әлде шынында да онда сепаратизмнің ұрығы болғаны ма? 

– Тәжірибе көрсетіп отырғандай, егер осы немесе басқа да жоғары шенді шенеунік өзін қолдау мақсатында халықтың хатын қолдана бастаса, демек, ол өзінің сахна сыртындағы күресінде ұстанымының әлсіреп қалғандығын сезіне білген болады. Ал, бұл номенклатуралық әлсіздік белгілерінің бірі болып табылады. Депутаттарға келетін болсақ, олардың бұл әрекеті бір жағынан алып қарағанда өздері бір бөлігі болып саналатын жергілікті аймақтық элитаға, ал, енді бір жағынан Астанаға тәуелді екендіктерін білдіреді. Олар екі оттың ортасында қалып, күлкілі жағдайға тап болды. Әрине, бұл олардың атына кір келтірді.

– Көптеген политологтар алдағы саяси күзде қарбаластар мен маңызды реформалар басталады деп алдын-ала болжаған еді. Сіз осы болжамдармен келісесіз бе?

- Мен үшін саясаттағы қарбаластар облыстағы, тіпті үкімет басындағы кадрлардың кезекті ауыстырылуымен байланысты емес. Мұның бәрін бір қазықты айналып жүргендей деуге болады. Айтып отырғандай, ерекше назар үлкен бір орманға емес, тек бір ағашқа қана аударылып отыр. Барынша маңызды мәселе – бұл еліміздегі мирасқорлық билік механизмінің түсінікті де (элита және қоғам үшін) нақты қалыптасуымен байланысты болып табылады. Бұл шын мәнінде Қазақстанның болашағы тәуелді болатын барынша күрделі процестер. Бірақ, әзірге, өкінішке қарай, бұл механизм туралы ештеңе айтылған жоқ. Бәлкім, 2016 жылға дейін созылатын да болар. Алайда, уақыт өз еншісіндегі бізге  қарсы сыйын қазірден бастап ұсынуда.

Рахмет.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

5 қыркүйек 2012, 23:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.