«Вале» компаниясының басшылары Брумадинью өңіріндегі бөгеттің апатты ескертетін тетігі істен шыққанын білген.
Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері корпарация қызметкерлерінің хатына сілтеме жасап хабарлады. Естеріңізде болса, Бөгет 25 қаңтарда жарылған еді. Салдарынан лай араласқан су әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлерді басып қалды. 140-тан астам тұрғын көз жұмды.
Тағы 200-ден астамы іс-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Сарапшылардың айтуынша, апат болған аймақта жөндеу жұмыстарын бастамаса экологиялық апат туындап, көршілес аудандарға эпидемия тарауы мүмкін.
Дереккөз: 24.kz