Ыстанбұлдың жағалаудағы Картал ауданының Орхантепе тұрғын үй орамында 6 қабатты үйдің құлауынан көз жұмғандар саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл жайлы Ыстанбұл губернаторлығы мәлім еткен. Мәліметтерге қарағанда, қазірге дейін үйінділердің астынан 13 адам құтқарылған. Әзірге, қаза тапқандардың жетеуінің тұлғасы анықталған.
Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Еске сала кетейік, жан түршігерлік апат сәрсенбі күні болған.
Дереккөз: inform.kz