Атырау, 2 маусым 07:28
 дождьВ Атырау +16.3
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Жылқы атып, полицияға ұсталды

Сурет
6 467 рет қаралды

1 ақпанда Құрманғазы ауданы Дыңғызыл округінде жылқыны атып, етін ұрламақшы болған екі ер адам ұсталды.

Жергілікті учаскелік полиция атылған мылтық дауысын естіп,  ауыл сыртына шыққанда ВАЗ-2106 көлігі мен қасында қансырап жатқан жылқыны көреді. Полицияны көрген екі күдікті көліктен түсіп қашуға тырысқанымен, алысқа бармады. Тексеріс кезінде автокөлік ішінен шолақ мылтық, жылқы союға арналған құрал-жабдықтар табылды.

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің  188 («Ұрлық») және 287 баптарына («Тіркелмеген қаруды заңсыз алып жүру») сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынды

7 ақпан 2019, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.