Атырау, 18 қыркүйек 12:22
 дождьВ Атырау +15.1
$ 444.58
€ 510.29
₽ 5.27

​Вашингтон метросында қуатты жарылыс болды

1 834 рет қаралды


Вашингтон метросының Росслин стансасында қуатты жарылыс болды. Бұл туралы хабар BreakingNLive туиттер-аккаунтында жарияланды. 

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс өте қуатты болған. Арнайы қызметтер жақын маңдағы көшелерді жауып тастады. 

«Автобус жүргізушісінің айтуынша, бұл трансформатор болуы керек», - дейді куәгерлердің бірі. 

News Flash порталының хабарлауынша, трансформатордың жарылғанын полицейлер де растаған. Вашингтон метрополитені қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, бұл оқиға жерасты көлігіне қатысты емес. Келеңсіз жағдайдың егжей-тегжейі тексеріліп жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Дереккөз: inform.kz

6 ақпан 2019, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.