Сейсенбіде Әзербайжанның Исмайыл ауданында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Trend агенттігіне сілтеме жасап.
«Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы Республикалық сейсмологиялық қызметінің ақпаратына сәйкес, 5 ақпан күні 23:31-де Исмайыл ауданының аумағындағы Пиргулу стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 11 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің ошағында 6 балға дейін, сол маңдағы аудандарда 5,3 балл тіркелді. Зілзала салдарынан аумаққа келтірілген залал анықталып жатыр. Артынан толығырақ хабарланады», делінген хабарламада.
Дереккөз: inform.kz