Атырау, 28 қараша 21:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Ресейде 14 тіл жойылып кеткен

1 795 просмотра


Ресейде соңғы 150 жылда 14 тіл жойылған. Халықаралық «Ресейдегі байырғы халықтар тілдері жылының» ашылуына арналған баспасөз мәслихатында Ұлттар істері жөніндегі федералдық агенттіктің басшысы Игорь Баринов осындай деректі келтірді, деп хабарлайды ТАСС

«Жаһандану үдерісі Ресей Федерациясын да шет айналып өткен жоқ. Ол ұсақ тілдердің жойылу қаупін арттырып отыр. Біздің филолог ғалымдарымыздың есебі бойынша, Ресейде 150 жылда 14 тіл өлген», - дейді Баринов. 

Байырғы халықтар тілдерінің халықаралық жылы 2019 жылдың 28 қаңтары күні Париж қаласында басталды. Ал жылдың Ресейдегі ресми ашылу салтанаты Юграда наурыз айында болады. БҰҰ деректеріне сүйенсек, әлемде байырғы халықтар өкілдерінің жалпы саны 370 миллион шамасында, олар 90 елде тіршілік кешіп жатыр.

Дереккөз: inform.kz

6 ақпан 2019, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.