Голд-Кост атты курортты қалада жеңілмоторлы ұшақ тұрғын үйлерге құлады. Пилот аман қалды. Бұл жөнінде австралиялық SBS телеарнасы хабарлайды.
Ұшақ шағын биіктікте маневр жасап жатқан уақытта ағаштарға ілініп қалған. Бұл әуе көлігінің жерге құлауына алып келген.
Ұшақты басқарған пилот апат орын алғаннан кейін ұшақ бортынан өз бетінше шыққан. Оны омыртқа жарақатымен жақын маңда орналасқан ауруханаға жеткізген. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Дереккөз: baq.kz