Атырау, 25 қараша 08:34
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бөрі етектен тартып тұр

Сурет
6 148 просмотра

«АЖ»-ға хабарласқан Исатай ауданының тұрғындары қырда қасқырдың тым көбейіп, малды шығынға батырып жатқаны жөнінде айтты. Исатайлықтардың айтуынша, өткен жылдың қараша айынан бері 30-ға жуық жылқы, ірі қара, түйе түз тағысына жем болған. Әсіресе, Мыңтөбе құмы мен теңіз жағалауында жүрген малға қысқырлар тыным бермей отырған көрінеді.

Аққыстау және Жанбай ауылы тұрғындары топтасып, түз тағысын аулауға бірнеше рет шыққанымен, нәтиже бермей отыр екен. Олар әкімдіктен көмек күтеді.

- Біз де қол қусырып қарап отырғанымыз жоқ, бірақ көптіктен бой бермей жатыр.,-дейді Жанбай ауылының тұрғыны Айғали МАРДАНОВ.    - Бұдан он-он бес күн бұрын жиенім Бейбіт Қабделғалиев екеуміз мал іздеуге шыққанбыз. Сонда оннан топтасып жүрген қасқырларды көрдік. Бір жылқыны әбден талап тастапты. Сол жолы екі түз тағысын атып алуға шамамыз жетті. Олар өте әккі, қу, адам қарасы көрінсе қамыстың арасына, болмаса құмға қарай жылыстап бой тасалап кетеді. Әдейілеп те шығып жүрміз, кейде 60-100 шақырымға дейін жүреміз, жанармайды айтпағанның өзінде бір оқтың өзі 180-200 теңге тұрады. Ауылдағы азғантай табыс, жұмыссыз адам үшін бұл күлдей шығын.

Ауыл тұрғындары малдың төлдейтін уақыты жақындаған сайын қасқыр мен қарсақтар төлдерге шаба ма деп алаңдайды.       

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 ақпан 2019, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.