Атырау, 28 қараша 21:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Сербияда халық толқулары басылар емес

1 261 просмотра


Сербиядағы желтоқсанда басталған халық наразылығы әлі күнге дейін басылар емес. Бұл жолы мыңдаған адам «Зейнетақыны қайтарыңдар!» ұранымен Белград көшелерін жауып тастаған. 

Осыған дейін жергілікті халық «Сербия, оян!» деген шеру ұйымдастырып, үкіметтен Косовомен арадағы келісім бойынша толық мағлұмат беруді және ел президенті Александр Вучичтің биліктен кетуін талап еткен болатын. 

Белградтағы жоғары оқу орындарынан жиналған студенттер елде азаматтық және дауыс беру еркіндігінің жоқтығын айтып, «Диктатор кетсін!», «Кландық жүйеге жол жоқ!» сынды плакаттар ұстап шыққан. Оппозиция өкілдері билік Косовомен арадағы мәселеде ұлттық мүддені сатып кетті дейді. 

Егер билік халық мұңына құлақ аспаса, наразылық шерулері Сербияның өзге де қалаларында жалғасын таппақ. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

4 ақпан 2019, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.