Атырау, 28 қараша 21:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Эмилиано Сала ұшқан ұшақтың қайда құлағаны анықталды

1 861 просмотра


21 қаңтарда жоғалып кеткен бірмоторлы жеңіл ұшақ Ла-Манш бұғазының түбінен табылған. Ұшақта "Кардифф Сити" аргентиналық футболшысы Эмилиано Сала болған, - деп хабарлайды Sky News телеарнасы.  

Әуе аппаратын 3 ақпанда заманауи гидролокатор арқылы тапқан. Ұшақтың бөлшектері Гернси аралынан 24 мильде табылған. Шабуылшының отбасына ұшақтың табылғаны туралы хабарланды. 

21 қаңтарда Франциядағы Нанта қаласынан Кардифке (Уэльс) ұшып шыққан жеңіл моторлы Piper Malibu ұшағы сейсенбіде радарлардан жоғалып кеткен болатын. Болжаммен ұшақ бортында екі адам болған, оның бірі - Сала, екіншісі - Ибботсон. Құтқарушылар барлық шараны жасағаннан кейін іздестіру жұмыстарын тоқтатқан еді. Еске салайық, жоғалған ұшақта болған "Кардифф" футболшысының соңғы аудиохабарламасы жарияланды.  Эмилиано Сала және ұшқыш Дэвид Ибботсон. 

Айта кетейік, іздеу шараларын қаражат жинастырылғаннан кейін қайта бастады. Ұшақты іздеу шарасы үшін "Пари Сен-Жермен" сұрмергені Килиан Мбаппе және "Марсель" жартылай қорғаушысы Дмитри Пайет ақша аударды. Жиналған қаражат 290 мыңнан асып түсті.  

Құтқарушылардың айтуынша, Сала мен ұшқышты аман-есен құтқару мүмкіндігі қалмаған. Тергеушілердің айтуынша, ұшақ суға құлаған.  Times газетінің мәліметінше, ұшақты 59 жастағы Дэвид Ибботсон басқарған. Ол газ инженері болған. Ибботсонның жеке ұшқыш лицензиясы болған, яғни ол өздігінен ұша алатын, алайда жолаушыларды тасымалдауға құқығы болмаған. 

Дереккөз: tengrinews.kz

4 ақпан 2019, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.