Атырау, 25 қараша 08:38
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Билік: Атырауда «әлеуметтік» нан қымбаттамайды

2 186 просмотра


Атырауда «әлеуметтік» нанның бөлшек бағасы бұрынғы деңгейде қалады. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан ДӘУЛЕТОВ брифингте мәлімдеді.

Бағаның қымбаттауы тек көтерме бағаға ғана әсер етеді - ол 55-тен 60 теңгеге дейін өседі.

- Бөлшек баға бұрынғысынша - 65 теңге болып қалады. Біз барлық ірі сауда орталықтарының басшыларымен кездесіп, бұл туралы келістік, - деді Р.Дәулетов. Басқа дүкендерге келсек, оның айтуынша, осы деңгейден жоғары сататындарға қатысты «әлеуметтік нан» шығаратын наубайханалармен (олар Атырауда 14) жеткізілім туралы келісімшарт бұзылады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 ақпан 2019, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.