Атырау, 28 қараша 21:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ресей АҚШ-тың зымыран жою келісімін тоқтатуын сынады

2 235 просмотра


Ресей саясаткерлері АҚШ-тың Орта және қысқа қашықтық зымырандарын жою келісімін тоқтату туралы шешімін сынады.

"Дүние жүзін құттықтаймын, АҚШ өзін құрту жолында және бір қадам жасады" деді Федерация кеңесіндегі Халықаралық істер комитетінің төрағасы Константин Косачев 1 ақпан күні.

Содан сәл бұрын АҚШ-тың мемлекет хатшысы Майк Помпео Ресейдің аталмыш келісімнің шарттарын ұзақ уақыт бойы орындамай келгенін ескеріп, Вашингтонның "Қырғи-қабақ соғыс" кезінде бекітілген пактіні бұдан былай орындай алмайтынын жариялаған.

“Жылдар бойы Ресей Орта және қысқа қашықтық зымырандарын жою келісімін еш шімірікпей бұзып келді. Бүгінге дейін Ресей міндеттемелерін орындамай отыр. Сол себепті АҚШ 2 ақпаннан бастап келісімге қатысты міндеттемелерін орындауды тоқтатады" деген Помпео.

 ақпанда Вашингтонда журналистер алдында сөйлеген мемлекет хатшысы Майк Помпео АҚШ-тың алты айдан соң келісімнен мүлдем шығатынын, бірақ Ресеймен қарулануды бақылауға қатысты келіссөз жүргізуге әзір екенін ескерткен. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп жазбаша мәлімдемесінде: "Ресей [келісімді бұзатын] әрекетін бүркемелеп жатқанда біз [келісімнің] шарттарымен шектеліп отыра алмаймыз" деген.

Мәскеу келісімді бұзды деген айыпты жоққа шығарып, Вашингтоннан дәлел келтіруді сұрайды. Ресейдің сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова АҚШ-тың мәлімдемесіне қатысты айтқан сөзінде: "Бұл Ресейдің келісімді бұзған кінәсі емес, Қытай немесе басқа бір халықаралық қауіпсіздік мәселесі емес. Бұл - АҚШ-тың түрлі саладағы халықаралық міндеттемелерін орындаудан тайқу стратегиясы" деді.

ҚШ билігі аталмыш келісімге қол қоймаған Қытайдың Азияда әскери артықшылық иеленіп, зымырандарын көптеп орналастыра бастағанына да алаңдайды.

НАТО-дағы одақтастары АҚШ-тың Орта және қысқа қашықтағы зымырандарды жою келісімінен шығу ниетін бір ауыздан құптады. Әскери одақтың бас хатшысы Йенс Столтенберг бұл мәлімдемені қолдап, келісімнен шығу процесінің алты айға созылатынын хабарлады.

"Ресейді мәміле қылуға және келісімді құрметтеуге шақыра береміз" деді Столтенберг.

ҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гуттериш Мәскеу мен Вашингтон жарты жыл ішінде жаңа келісім бекітеді деп үміттенетінін айтты.

АҚШ мұндай шешім қабылдардан бұрын келісім шарттарын орындау мәселесін Ресеймен ұзақ талқылаған. Екі ел өкілдері соңғы рет 31 қаңтар күні Пекинде кездесіп, тіл табыса алмаған.

1987 жылы АҚШ пен Совет Одағының басшылары қол қойған "Орта және қысқа қашықтыққа арналған ядролық зымырандарды жою" келісімі Еуропа мен өзге де аймақтағы бейбітшіліктің кепілі ретінде қабылданып келген. Бірақ соңғы уақытта Вашингтон мен Мәскеу бұл құжатқа қатысты келіспей қалып жүрген. АҚШ пен НАТО Ресейді 9M729 атты ядролық қанатты зымыран жасау арқылы тарихи келісімді бұзды деп айыптайды.

Дереккөз: azattyq.org

2 ақпан 2019, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.