Атырау, 25 қараша 08:53
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Дәмді болғанымен қауіпті

1 996 просмотра


ҚР қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің сайтында биылғы қаңтар айындағы азық-түлік қауіпсіздігі мониторингі деректері жарияланған. Аймақ бойынша Атырау, Алматы және Жамбыл облыстарында, негізінен біздің өңірде - Құрманғазыдан Миялыға дейін, сондай-ақ мұнай астанасында да бақылаумен сатып алынған кезде тұтынуға жарамсыз өнімдер анықталды.

«Крестьянский» тауық етінен, «Благояр» тауық аяғы, қанаты және балапан етінен,  «Голландский»  балқытылған ірімшігінен микробтар,  «Гурман» рулетінен алтын стафилококк, «Вкусно сытно» тұшпарасынан ішек таяқшалары тобының бактериялары табылды.

Комитеттің аумақтық департаментінде хабарлағандай, бұл азық-түліктер сатушылардан тәркіленуде.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 ақпан 2019, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.