Саяси күштер арасындағы 9 айға созылған тартысты келіссөзден кейін Ливанда жаңа үкімет орнады. Былтыр мамыр айының бас шенінде өткен жалпы халықтық сайлаудан кейін Ливандағы саяси топтар арасындағы қайшылық жаңа үкімет құруға мүмкіндік бермеген.
9 айға созылған келіссөзден кейін премьер-министр Саад Харири жаңа үкімет құрамын президент Мишель Авн мен мәжіліс төрағасының Небих Берридің мақұлдауымен жария етті. Елдің президенті, премьері және мәжіліс төрағасы ортасында кеңестен кейін, 30 адамнан тұратын жаңа үкімет құрамын таныстырды.
Айта кетейік, Түркия тарабы Ливан дағдарысына байланысты Еуропа елдерін айыптап, Ливандағы ішкі саяси мәселелерге араласты деп сынға алған болатын. Бұған дейін Ливан мен Сүрия арасында тарихи шешілмеген қайшылықтар өңірдегі шиеленістің тереңдей түсуіне үлкен себептің бірі болып келді.
Дереккөз: “The Qazaq Times”