АҚШ-тың Вашингтон мен Орегон штаттарында қызылша эпидемиясы белең алып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мамандардың айтуынша, дертке шалдыққандардың саны 38 адамға жетті. Тағы 13 адам ауруды жұқтырды деген күдік бар. Кларк округінде төтенше жағдай жарияланды. Дәрігерлер тұрғындарды шұғыл түрде қызылшаға қарсы екпе алуға шақырады.
Дон Нолт, балалар ауруханасының инфекционисті: - Екпе дерттің таралуына ғана емес, ауруға шалдықпауға да септігін тигізеді. Бізде сапалы вакцина бар. Қызылша дерті бір аймақтан екінші аймаққа таралады деп байбалам салудың қажеті жоқ.
Дереккөз: 24.kz