Атырау, 27 сәуір 03:23
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ресейде депутат "кісі өліміне қатысы" бар деген күдікке ілінді

1 793 просмотра


Ресей Федерация кеңесіне Қарашай-Черкесия республикасынан сайланған депутат, 30 қаңтарда Мәскеуде ұсталған Рауф Арашуков екі кісінің өліміне қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұл туралы Ресей тергеу комитеті хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, Арашуков черкестердің "Адыге-Хасэ" қозғалысының жетекшісі Аслан Жуковтың және Қарашай-Черкесия республикасының президенттігіне кандидат Фраль Шебзуховтың өліміне қүдікті деп танылған. Тергеу комитеті саясаткердің басқа да қылмыстырға қатысы бар деп күдіктенеді.

Федерация кеңесі 30 қаңтарда Арашуковты қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде тергеуге келісім беріп, тиіспеу құқығынан айырды.

Бұған дейін сәрсенбі күні 32 жастағы саясаткер Рауф Арашуковты федерация кеңесінің жиыны үстінде ұстап алып кеткені хабарланған. Депутаттың 2010 жылы болған кісі өлімдеріне қатысты ұсталғанын Ресейдің бірнеше ақпарат агенттігі хабарлады.

ТАСС агенттігі өз дереккөзіне сілтеме жасап, Арашуковтың "бірнеше қылмысқа қатысы барын" хабарлады. Ал РИА "Новости" агенттігі Арашуковтың "жалған құжат жасап, федерация кеңесінің депутаты болды" деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Былтыр қыркүйекте "Адыге-Хасэ" ұйымының басшысын өлтірді деген айыпталушы Рауф Арашуковты кісі өлтіруге тапсырыс берді деп көрсеткен. Аслан Жуков 2010 жылы кісі қолынан қаза тапқан.

РБК агенттігінің мәліметінше, 2012 және 2017 жылдары екі адам Арашуковты 2010 жылы қаза тапқан тағы бір адамның өліміне тапсырыс берді деп көрсеткен. Ол кезде Қарашай-Черкесия республикасының президенттігіне кандидатты бейсбол таяғымен соққыға жығып, атып кеткен.

Рауф Арашуков федерация кеңесіне 2016 жылы депутат болып сайланған. Бұған дейін ол "Газпром" компаниясында қызмет істеген.

Дереккөз: azattyq.org

30 қаңтар 2019, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.