Атырау, 28 қараша 21:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Украинадағы президенттік сайлауға Ресей күштері араласуы мүмкін

1 756 просмотра


Украинадағы сайлау мерзімі жақындаған сайын, ондағы саяси жағдайлар да қыза түсті. Өзін кезекті рет сынап көруге тырысқан Петр Порошенко екінші мәрте сайлауға қатысуға шешім қабылдапты. Коммунистер партиясының көшбасшысы Петр Симоненко Орталық Сайлау Комиссиясына құжаттар тапсырып, Порошенконы кандидаттар тізіміне тіркеу туралы өтініш берген.

Казіргі таңда тіркеуде тұрған кандидаттар халық арасында жақсы таныс. Барлығы 23 тұлға өздерін болашақта Украина президенті ретінде көргісі келеді. Алайда, соңғы жылдардағы Ресеймен қақтығыстардан кейін, украиналықтар өздеріне сенімді басшы тағайындауға тырысып бағуда. Себебі, бір кездері РФ-ның басшысы Владимир Путиннен көмек сұраған Янукович, біртұтас шекараны тас-талқан етіп, халықты қырғынға ұшыратып, елден қашуға мәжбүр болған.

Сонымен қатар, Украина ішіндегі түрлі жағдайлар да жұртшылықты терең ойланып дауыс беруін үндеп тұрғандай.  Алайда, мұның қаншалықты әділ болатындығы бұлыңғыр болашақтың еншісінде.

Неге десеңіздер, АҚШ барлау қызметінің ақпараты бойынша, Ресей Федерациясы Перт Порошенконы Украина президенті ретінде сайлануына тосқауыл қоюы мүмкін. Себебі, Украина билігіне антиресейлік көзқарасы төмен парламентті орнатқысы келеді. Бұл үшін экономика, жемқорлық, кибер шабуылдар жасап, қоғам арасында Порошенкоға қарсы әрекеттер істеуі де әбден мүмкін.  Сонымен қатар, дәл қазір украиналық азаматтар нақты дауыстарын кімге беретіндіктерін де шешпеген. Осыны пайдаланған өзге күштер, тұрғындарды өздерінің икеміне келтіріп алуы да ғажап еместігі көрсетілген.

Бұдан бөлек, Украинаның Ішкі барлау қызметінің басшысы Егор Божок РФ кезекті рет өтетін президенттік сайлауға араласу үшін өздерінің арнайы жасақтарына 350 млн доллар бөлгендігін мәлімдеген болатын.

Халықаралық сарапшылардың ойынша, президенттікке таласқан тым көп кандидаттар, қазір халықтың нақты бір шешімге келуіне кері әсерін тигізіп жатқан көрінеді. Өйткені, «Қойшы көп болса, қой арам өледі» дегендей, халық өз дауыстарының соңынан опық жеп қалмауды ойлап отырса керек...

Дереккөз: “The Qazaq Times”

30 қаңтар 2019, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.