Атырау, 28 қараша 21:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Саратов облысында болған жарылыстан 30-дан астам адам зардап шеккен

1 895 просмотра

Көрнекі сурет
Ресейдің Саратов облысындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 30-дан астам адам зардап шеккен деп хабарлайды Ресейдің төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы дерек бойынша, 14 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың 12-сін Саратов қаласына әкелген. Дәрігерлер үш адамның жағдайы ауыр екенін айтады. Олар қатты күйіп қалған.

Құтқарушылар жарылысқа техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болғанын айтты. Жарылыстан соң дәмхана өртенген. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы айда Ресейдің бірнеше қаласында газ жарылысы болған. 14 қаңтарда Шахты қаласындағы көпқабатты үйде газ жарылып, бес адам қаза тапқан.

31 желтоқсанда Магнитогорск қаласындағы көпқабатты үйде жарылыс болып, 39 адам қаза тапқан.

Дереккөз: Азаттық

27 қаңтар 2019, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.