Атырау, 9 шілде 05:06
 ашықВ Атырау +32
$ 476.27
€ 515.47
₽ 5.41

Мәскеуден қайтқан уылдырық

Бейнежазба
2 621 просмотра


РФ ФҚҚ шекара басқармасының қызметкерлері Ресей-Қазақстан шекарасындағы "Қараөзек" өткізу бекетінде 100 келі бекіре уылдырығын өткізушіні ұстады. Мәскеуден Атырауға (!) бағыт алған уылдырықтың нарықтағы құны - 6 млн рубль (35 млн теңге).

Ресей шекарашыларының баспасөз қызметі хабарлағандай, құпия жүк ""Вольво" жүк көлігін тексергенде табылған: мандарин мен апельсин салынған қораптардың арасынан скотчпен оралған ұш терможәшік байқаған. Оның ішінен жарты келі салмақты 200 пластик банкіге салынған уылдырық шықты. Жүк көлігінің жүргізушісі - Астрахан тұрғыны цитрустық жемістерді Атырауға жеткізбекші болғанын айтқанымен, уылдырық туралы еш сылтау таба алмады.

"Вольво" жүргізушісіне қатысты РФ ҚК-нің 226-бабы (аса бағалы жабайы аңдар мен су биологиялық ресурстарымен контрабанда жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ресей тергеушілері өз астаналарынан Атырауға әкеле жатқан ірі көлемдегі уылдырықтың шығу тегін табады деп үміттенеміз, өйткені бұған дейін бәрі керісінше болатын.

Фархат ӘБІЛОВ


26 қаңтар 2019, 22:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.