Атырау, 28 қараша 21:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Венесуэлалық оппозиция басшысы Мадуроға амнистия жариялауға дайын

1 813 просмотра

Венесуэла президенті Николас Мадуро және туралы оппозициялық парламент көшбасшысы Хуан Гуайдо. Фото: nationalpostcom

Венесуэла президенті Николас Мадуро өз еркімен биліктен кетсе, амнистия жарияланады. Бұл туралы оппозициялық парламент көшбасшысы Хуан Гуайдо мәлімдеді. 

«Univision» телеарнасына сұхбат берген Гуайдо: «Мадуро биліктен кетіп, заңға бағынған жағдайда амнистия жариялауға дайынмын. Егер ол берілмейтін болса, елдегі жағдай тіптен қиындай түседі. Халық мемлекетті диктатордың басқаруына қарсы», – деді. 

23 қаңтарда өзін уақытша үкімет президенті деп жариялаған Гуайдоны лигитимді мемлекет басшысы ретінде АҚШ, Канада, Бразилия, Чили, Аргентина, Колумбия, Коста-Рика, Гватемала, Гондурас, Панама, Парагвай және Перу елдері мойындады. Осыған дейін АҚШ «диктатор басқарушы» атанған Николас Мадуроға қарсы санкциялар жариялап, мемлекет басшысы авторитарлық диктатураға ұмтылудан бас тартпайынша, Американың экономикалық және дипломатиялық күштерін түгел Венесуэла халқының демократия орнату жолындағы күресіне көмекке арнайтынын хабарлаған болатын. Дональд Трамптың қажет болған жағдайда Венесуэлаға әскери интервенция жасайтыны туралы мәлімдемесінің салдарын жоюға ниеттенген Майк Пенс Латын Америкасы елдеріне сапары барысында Каракасқа экономикалық қысым арқылы да әсер етуге болатынын айтқан. 

Ал Қытай мен Ресей тарапы қазіргі басшы Николас Мадуро үкіметіне сенім білдіріп, билікке өзге мемлекеттердің араласуын «халықаралық құқықбұзушылық» деп атады. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

26 қаңтар 2019, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.