Трамптың ұсынысы бойынша, визалық мерзімі аяқталған мигранттарды депортациялауды кейінге шегеру керек. Осы арқылы заңсыз миграциядан арылуға болады. Сонымен қатар, Ақ үй басшысы Мексикамен арадағы шекараны күшейтуге 5,7 миллиард долларға жуық қаржы бөлуді әлі де талап етіп отыр. Трамп шекарадағы әскери топтар мен қорғандарды күшейту арқылы өзге аймақтардан келетін заңсыз мигранттарға тосқауыл болмақ. Бірақ, президенттің бұл жоспарын Нэнси Пелоси бастаған бір топ конгрессмендер сынға алып, қабылдаудан бас тартты. Осы ретте демократтар екі заң жобасын ұсынып отыр. Олардың бірі – АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігінің жұмысын 8 ақпанға дейін реттеу, ал екіншісі – қалған ведомстволардың жұмысын 30 қыркүйекке дейін реттеу туралы заң.
Еске сала кетейік, 22 желтоқсаннан бастап АҚШ-та шатдаун – үкімет құрылымдарының жұмысын ішінара тоқтату басталды. Сол себепті әлі күнге дейін ел бюджеті толық бекітілген жоқ. Бекітілмеген бюджет салдарынан 22 желтоқсаннан бері АҚШ федералды билігінің жұмысы ішінара тоқтатылды. Бұл Ішкі қауіпсіздік министрлігі, Сауда министрлігі, ІІМ мен Қаржы министрлігіне қатысты. Сонымен қатар, Смитсон институтының ұлттық саябақтары мен мұражайлары жабылды. 800 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер ақылы демалысқа кетті.
Дереккөз: Qazaqtimes.com