Ресейде «Аэрофлот» әуе компаниясының «Boing 737» ұшағын белгісіз ер адам басып алмақ болды. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша қаскүнем ұшқыштардан әуе кемесін Ауғанстанға бағыттауды талап еткен. Ұшақ Сургут-Мәскеу бағытындағы рейсті орындауға шыққан.
Төтенше жаңдайдан соң, Ханты-Мансийска әуежайына келіп қонды. Күдікті бірден тұтқындалды. Ол – 42 жастағы Сургут тұрғыны. Ресей Федерациясының терроризмге қарсы ұлттық комитеті бұл жағдай бойынша мәлімдеме жасаудан бас тартты.
Ал жергілікті басылымдар жолаушының қалжыңдамақ болғанын айтады. Десе де, ер адам заң алдында лаңкестік әрекет жасамақ болған деген баппен тұтқындалуы мүмкін.
Дереккөз: 24.kz