Атырау, 29 қараша 01:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Мәскеуде кәсіпкер өзіне шабуылдағандарға оқ атып, көліктерін қиратқан

1 609 просмотра


Мәскеуде қылмыскерлер кәсіпкерден құн алудың орнына опық жеп қалды. Кәсіпкер олардың көліктерін соғып, қарумен оқ атып үлгерген, -  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЕН ТВ сілтеме жасап. 

Телеарнаның мәліметінше, бұл оқиға19 қаңтарда болған. Үш қылмыскер 30 жастағы кәсіпкерге шабуылдаған, ал ол сол кезде өзінің Porshe Cayenne көлігінде отырған. Қылмыскер оны өз көліктеріне отырғызып Мәскеудің сырт жағына алып кеткен. 

Қаскүнемдер оны қорқытып, 20 миллион рубль талап еткен. Келіссөздерден кейін қылмыскерлер кәсіпкермен бірге ақша алу үшін оның үйіне барады. Үйіне жеткенде кәсіпкер олардан қашып үлгерген. 

Өзнің гаражына кіріп, брондалған Mercedes Gelandewagen-ге отырып, қылмыскерлердің көлігін соғып және оларды қарумен атқан Телеарнаның мәліметінше, оқ біреуінің аяғына тиіп, жарақаттанған. Қалған екеуі кәсіпкерге тиесілі Porshe Cayenne-ге отырып қашып кеткен. Қазіргі уақытта полицейлер екі ер адамды іздестіріп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 қаңтар 2019, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.