Испанияның Мадрид және Барселона қалаларында 26 мыңға жуық такси жүргізушілері жаппай ереуілге шықты. Олар биліктен Убер және Кабифай жүргізушілерінің санын азайтуды талап етіп отыр.
Ереуілшілердің айтуынша, ресми такси жүргізушілері салықты көп төлейді, алайда жолаушыларды анағұрлым аз тасымалдайды. Себебі таксиге онлайн тапсырыс беретіндер көбейген. Ал онлайн-компаниялардың жүргізушілері төлейтін салық төмен көрінеді.
Өткен жұмада басталған ереуіл салдарынан шаһарда мүгедектерді тасмалдау үшін 100 ғана такси жұмысқа шыққан. Билік өкілдері дағдарыстың алдын алу үшін жүргізушермен келіссөз жүргізбек.
Дереккөз: 24.kz