Атырау, 22 қараша 13:35
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Жолдағы жолақы жыры

Сурет Бейнежазба
3 839 просмотра


Атырауда қоғамдық жолаушылар тасымалына жетекшілік ететін «Смарт-Атырау» КМК мен «Смарт-ТКШ» қызметкерлері валидаторлардың қолданылуын, кондукторлардың жұмысын және көлік жүргізу мәдениетін тексеру үшін жаңа автобустарға рейд жүргізді. Іш пыстырмады.

Рейд «Абай алаңы» аялдамасынан «Драма театры» аялдамасына дейін №14 автобустан басталды. Автобуста адам көп емес, бірақ көбінің билеттері болмады. Кондуктор валидатордың жұмыс жасамай қалғандығына шағымданды. Бірақ «Смарт-ТКШ» қызметкері оны қолына алған кезде, ол ғайыптан іске қосылып кетті.

- Қазір жасап кетті, қараңыз, - деп таң қалды кондуктор.

Келесі автобуста (№2 маршрут) да осындай жағдай: жолаушыларға ешкім билет бермеді. №4 автобуста валидатор мүлдем болмады, жас кондуктор тіпті ештеңе түсіндіруге де тырыспады. Тексерушілер ескерту жасады. Есесіне әкімдік қызметкерлері пен журналистерді көрген екі жолаушы қоғамдық көліктегі проблемалар туралы жарыса айта жөнелді: жүргізушілер бір-бірімен жарысатынын, оқушыларды кіргізбейтінін, билет бермейтінін әңгімеледі.


Басқа автобустағы кондуктор біздің фотоаппаратымызды байқап, бірден жүргізушінің кабинетіне – валидатор алу үшін жүгіріп кетті. Оны жерде тұрған шелектің ішінен алып шығып:

- Сендер не, қылмыскерді ұстап алғандай бәрін түсіріп жатсыңдар? – деп наразылық білдіре бастады.

Тек бір автобуста ғана жолаушылардың барлығының қолында билет бар болып шықты, ал бұл №4 маршрут болатын. Кондуктордың аты-жөнін кейін марапаттау үшін рейд ұйымдастырушылар жазып алды. Әрі қарай жалғастырудың мәні болмады. Кондукторлардың әріптестеріне қоңырау шалып үлгергені түсінікті ғой.


«Смарт-Атырау» КМК директоры Әділбек ТАНКИЕВТІҢ айтуынша, қаңтардың аяғына дейін мұнай астанасы №30 және №30А маршруттары үшін тағы жаңа 26 автобуспен толығады.

...Ал кешке қарай автобустарда валидаторсыз және билетсіз - рейдке дейінгі көрініс байқалды.


Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

21 қаңтар 2019, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.