Атырау, 29 қараша 00:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Израиль Сириядағы ирандық нысандарға соққы беріп жатыр

1 538 просмотра


Израильде сириялық әуе күштерінің Израиль территориясына соққысының алдын алды.

«Израиль қорғаныс армиясы қазір Сирия территориясында ирандық «Аль-Кудс» (арнайы тағайындалған күштер – ТАСС) күштерінt соққы жасап жатыр. Израиль армиясы Сирияның қарулы күштері Израиль территориясына немесе күштеріне соққы беруінің алдын алуда», - деп жазылған әскери мәлімдемеде.

SANA агенттігі бұған дейін Сирияның әуешабуылына қарсы кешендері жаудың бірнеше нысанының алдын орағананын жазды. Агенттіктің тілшісі Дамаскта жарылыс дыбысы естілгенін  хабарлаған. 

Жексенбі күні Израилдің әуешабуылына қарсы «Темір күмбез» жүйесі Голан биіктігінен жіберілген зымыранның алдын орады. Израиль мемлекеттік Kan радиосының хабарлауынша, оқиғадан зардап шеккендер немесе қирау туралы хабарлама түспеген. SANA агенттігі елдің оңтүстігінде Сирияның Әуешабуылына қарсы жүйесі Израиль әуе шабуылына тойтарыс бергенін хабарлаған.

13 қаңтарда Израилдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранның Сириядағы әскери қақтығысын тоқтату мақсатында иран нысандарына шабуылдарды күшейтуге дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол 12 қаңтарға қараған түні Дамаск әуежайындағы қарулы қоймаға шабуыл жасалғанын растады.

Дереккөз: baq.kz

21 қаңтар 2019, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.