Атырау, 28 қараша 23:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Колумбия президенті бітімгерлерді тұтқындауға бұйрық берді

1 472 просмотра


Боготадағы жарылыстан кейін Колумбия президенті Иван Дуке «Ұлттық азат ету әскері» көтерілісшілерінің Кубадағы бітімгерлерін тұтқындауға бұйрық берді. 

Шешім Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысында қабылданды. Президент бұл қадам көтерілісшілердің лаңкестік әрекетті тоқтапауына байланысты қолға алынғанын жеткізді. Ол сондай-ақ енді қарулы топтармен келіссөз тек халықаралық бақылаушылардың қатысуымен ғана жүзеге асатынын айтты. 

Еске сала кетейік, бейсенбі күні Колумбия астанасы Боготадағы ұлттық полиция академясының ғимаратында жарылыс болып, 21 адам қаза тауып, 70-ке жуығы жарақат алды. Қорғаныс министрлігі лаңкестікті дәл осы «Ұлттық азат ету әскері» тобы ұйымдастырды деп мәлімдеді.

Дереккөз: 24.kz

20 қаңтар 2019, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.