Боготада бейсенбі таңертең болған лаңкестік әрекет салдарынан кем дегенде 21 адам мерт болып, 87-сі зардап шеккен. Жарылғыш заттарға толы көлік ұлттық полиция академиясының қабырғасына соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат El Tiempo-ға сілтеме жасап.
87 зардап шегушінің 68-і ауруханада жатыр. Олардың басым бөлігі - колумбиялықтар. Алайда, жарақат алғандардың арасында панамалықтар мен эквадорлықтар да бар. Олар академияда білім алған. Президент Иван Дуке үш тәулікке аза тұту күнін жариялады. Жарылыс 09:30-да болған.
Лаңкес тізгіндеген автомобиль академия ғимараттарының біріне соғылған. Биліктің дерегі бойынша, машинаға 80 келі жарылғыш зат тиелген. Құқық қорғау органдары жарылысты кім жасағанын анықтады. Ол 56 жастағы колумбиялық Хосе Альдемар Рохас Родригес болып шықты.
Дереккөз: inform.kz