Атырау облыстық МКД экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері әлеуметтік жұмыс орындарын құруға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады.
Қалалық жұмыспен қамту орталығы жеке кәсіпкерлердің бірімен келісім жасап, оған әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін 1 миллион 375 мың теңге аударған. Бірақ ЖК басшысы бұл келісімшарт бойынша ешкімді жұмысқа алмаған. Бұдан басқа, ол өз әйелінің атынан тағы бір ЖК ашып, жұмыспен қамту орталығымен 4 миллион 872 мың теңгеге екінші келісімшартты жасаған. Мұнда да бірде бір жұмыс орнын құрмаған.
№2 қалалық сот ЖК басшысын ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы (Ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), 218-бабының 1-тармақшасы (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру (жылыстату)) бойынша кінәлі деп тауып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.
Фархат ӘБІЛОВ