Атырау, 28 қараша 23:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Facebook Ресейдің Sputnik агенттігіне тиесілі аккаунттарды бұғаттады

1 345 просмотра


Facebook компаниясы өзінің Facebook және Instagram желілерінде постсоветтік елдердегі аудиторияға жалған хабар тарататын екі операцияға қатысы бар деген жүздеген парақшалар мен топтарды және аккаунттарды бұғаттады.

Facebook компаниясының киберқауіпсіздік саясаты жөніндегі басшысы Натаниэль Глейхер 17 қаңтарда "Ресейден ұйымдастырылған екі операцияны анықтадық. Олардың бірі бірнеше елде, екіншісі тек Украинада белсенді жұмыс істеген" деп мәлімдеді. Глейхердің сөзінше, бұл екі операцияның арасынан қандай да бір байланыс байқалмаған. Бірақ олар "қолданушыларды өздері туралы мәліметтен шатастыру үшін аккаунттар желісін құрып, ұқсас тәсілдерді қолданған".

Глейхердің сөзінше, 364 аккаунт пен парақша тіркелген мұндай бір желінің Ресейдің ресми Sputnik ақпарат агенттігі қызметкерлерімен байланысы бар.

Sputnik агенттігінің Армениядағы филиалы Facebook-те өзінің орыс тіліндегі парақшасы бұғатталғанын, сондықтан агенттіктің орыс тіліндегі материалдары уақытша армян тіліндегі парақшада жарияланатынын жазды.

Агенттік "армян тіліндегі парақша да бұғатталуы мүмкін болғандықтан" аудиториясын жаңалықтарды Telegram, "ВКонтакте", Twitter және басқа да платформаларда қарап отыруға шақырды.

Дереккөз: azattyq.org

18 қаңтар 2019, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.