Бішкекте Ала-Тоо алаңында ереуіл болып жатыр. Наразылық акциясына 300-ге жуық адам қатысып жатыр, - деп хабарлайды 24.kg. Ереуілге шыққандардың басты талабы - этникалық қырғыздардан бөлек, Қытай азаматтарына Қырғызстанда азаматтық беруге мораторий жариялау.
Sputnik Кыргызстан басылымы ереуілге шыққандардың Қытайға берешек мемлекеттік қарызды қайтаруды талап етіп, айыппұлдарды төмендетіп, ҚХР азаматтарына еңбек квотасын беруді тоқтатуды талап еткенін жазды. Олар "Қоғамдық бақылау" ұйымын құрып, оны депутаттарға заң жүзінде іске асыруын талап етіп жатыр.
Акцияны ұйымдастырушы "Кырк чоро" көшбасшысы Аманбол Бабакулов ереуілді ресми түрде әнұранмен бастады. Оны басқа да қатысушылар қолдады. Ол адамдардың арандатуға жол берілмеуіне және тәртіп сақтауға шақырды.
Қырғызстанда соңғы екі айда антиқытайлық көңіл-күй жүріп жатқанын жазды. Елдің ресми тұлғалары, оның ішінде президент Сооронбай Жээнбеков Пекинмен арақатынасты бұзғысы келетіндердің жауапқа тартылатынын мәлімдеді.
Басылым мәліметінше, қырғызстандық белсенділер бірінші рет наразылық акциясын бейбіт түрде 20 желтоқсанда Бішкектегі Қытай елшілігінің алдында өткізген. Белсенділер 7 қаңтарда екінші рет өздеріне назар аудартты. Ол кезде Бішкектің орталық алаңына 300-ден аса адам шығып, қытайлықтарға азаматтық бермеуді талап еткен.
Дереккөз: tengrinews.kz