Атырау, 28 қараша 23:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ұлыбритания парламенті Тереза Мэйге сенім білдірді

1 993 просмотра


Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй парламенттің қауымдар палатасының үкіметке сенімсіздік білдіру вотумынан аман өтті. 306 депутат үкімет басшысына сенімсіздік танытып, 325 депутат министрлер кабинетін таратуға қарсы дауыс берді.

Тереза Мэйге сенімсіздік вотумын жариялау мәселесін дауысқа салуды оппозициялық Лейбористік партия жетекшісі Джереми Корбин көтерген. Ол ұсынысын 15 қаңтарда жариялады. Сол күні парламент Тереза Мэйдің Ұлыбританияның Еуропа одағынан (ЕО) шығуы жөніндегі келісім жобасын талқылаған. Парламент премьер ұсынған Брюссельмен келісім жобасын қолдамады. Брюссельмен келісім жобасына 432 депутат қарсы дауыс беріп, 202 депутат қолдады.

17 қаңтарда Тереза Мэй парламенттегі фракция жетекшілерімен ЕО-дан шығудың балама жоспарын талқылайды. Дүйсенбі, 21 қаңтарда Brexit туралы жаңа стратегия дауысқа салынуы мүмкін.

Брюссельмен бұған дейін жасалған уағдаластық бойынша, Ұлыбритания ЕО-дан 2019 жылдың 29 наурызында шығып кетуі керек. ЕО елдері Brexit туралы келісім жобасын былтыр қарашада мақұлдап қойған.

Тереза Мэй ұсынған Brexit туралы келісімде Ұлыбритания ЕО-дан шыққаннан кейін одақпен тығыз байланысын сақтап қалатыны, тіпті кейбір мәселелер бойынша одақ ережелері мен талаптарын орындайтыны көрсетілген.

Құжатты сынайтындар келісім шарттары бойынша Ұлыбритания "бағынышты" мемлекетке айналады, себебі ол ЕО құрамында болмаса да, одақтың бірқатар ережелеріне бағынуы тиіс болады деп санайды. Егер Brexit туралы келісім жасалмаса, онда Ұлыбритания Еуропа одағынан ешқандай келісімсіз шығуы мүмкін.

Дереккөз: azattyq.org

17 қаңтар 2019, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.