Атырау, 28 қараша 23:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Грузияда азалы күн жарияланды

1 303 просмотра


Грузия астанасы Тбилисидің солтүстігіндегі көп пәтерлі үйлердің бірінде газ жарылып, төрт адам көз жұмған. Imedi телекомпаниясының хабарлауынша, жарылыста күйік шалған төрт жасар қыз ауруханада жан тапсырған. 

Бұған дейін жарылыс салдарынан үш адамның қаза тауып, тағы жеті адамның зардап шеккені туралы  хабарланған болатын. Полиция құрылыс немесе нысанды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған бұзылуы туралы баппен қылмыстық іс қозғаған. Оқиға орнында криминалист сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Ел президенті Саломе Зурабишвили жарылыстан зардап шеккендерге ем-дом жасалып жатқан ауруханаға барды. 

«Қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтамын. Бұл аса үлкен апат», - деп мәлімдеді ол.

Грузия премьер-министрі Мамука Бахтадзе 17 қаңтарды елде қаралы күн деп жариялады. 

«Барлық мемлекеттік мекемелерде және елдің шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде мемлекеттік ту төмен түсіріледі», - деп  хабарлады Грузия үкіметінің баспасөз қызметі.    

Дереккөз: inform.kz

17 қаңтар 2019, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.