Атырау, 26 сәуір 12:44
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Неймар әлемнің ең қымбат футболшысы атанды

1 869 просмотра


KPMG аудиторлық компаниясы Football Benchmark жобасы аясында футболшылардың қазіргі таңдағы трансферлік құнына баға беріп, әлемнің ең қымбат ойыншысын атады. Рейтингте бірінші болып тұрған – «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Неймар. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

2019 жылдың қаңтарында 26 жастағы бразилиялықтың құны 229 миллион еуро болып тұр. Оның командаласы тізімде екінші – 20 жастағы Килиан Мбаппе (215 миллион еуро). «Алтын допты» бес рет иеленген «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси (203,3 миллион еуро) – үшінші.

Ал «Алтын допты» бес рет иеленген тағы бір футболшы ондыққа кірмеді. Трансферлік құны 107 миллион еуро туриндік «Ювентус» форварды Криштиану Роналду тізімде 12-тұр.

KPMG тұжырымы бойынша ең қымбат 10 футболшы:

1.Неймар (ПСЖ) – 229 миллион еуро;

2. Килиан Мбаппе (ПСЖ) – 215 миллион;

3. Лионель Месси («Барселона») – 203 миллион;

4. Мохамед Салах («Ливерпуль») – 168 миллион;

5. Харри Кейн («Тоттенхэм») – 151 миллион;

6. Эден Азар («Челси») – 148 миллион;

7. Кевин де Брюйне («Манчестер Сити») – 129 миллион;

8. Антуан Гризманн («Атлетико» Мадрид) – 126 миллион;

9. Поль Погба («Манчестер Юнайтед») – 119 миллион;

10. Филиппе Коутиньо («Барселона») – 118 миллион.

Дереккөз: baq.kz

16 қаңтар 2019, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.