Атырау, 28 қараша 23:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Қырғызстандық белсенділер орыс тілін алып тастауды ұсынды

1 740 просмотра

Әзімбек Бекназаров. Фото: Sputnik Кыргызстан
Қырғызстандық белсенділер орыс тілін алып тастауды ұсынды. Бішкек қаласында өткен дөңгелек үстелде экс-бас прокурор Әзімбек Бекназаров бастаған белсенділер күзде Конституцияны өзгертуге байланысты референдум өткізетіндіктерін мәлімдеді. 

Бекназаровтың сөзінше, қазіргі парламент президенттің айтқанын ғана орындайды. Себебі Жоғары кеңес толықтай партиялық тізім бойынша жасақталған. Бастамашыл топ бұл мәселенің шешімі ретінде өз нұсқаларын ұсынуда. Олардың ұсынысы бойынша, Қырғызстан толықтай парламенттік басқару жүйесіне көшуі тиіс және заң шығарылғанда орыс тіліне аударылмауы керек. 

Ол үшін орыс тіліне берілген «ресми тіл» мәртебесін алып тастау қажет. Белсенділер күзде халықтық референдум өткізу үшін 10 мың қол жинамақ. Бекназаровтың айтуынша, бұл тек ұсыныс қана. Ал оны қабылдау, қабылдамау халықтың таңдауындағы дүние. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

16 қаңтар 2019, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.