Атырау, 25 қараша 11:24
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бұралқы иттерді атуға аңшылар да тартылмақ

2 229 просмотра


15 қаңтарда Атырау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXIV сессиясы өтті. Атап айтқанда, 2018 жылғы жұмыстардың қорытындысы туралы қалалық ветеринария бөлімінің басшысы Нұролла САТЕНОВ есеп берді. Талқылау барысында мұнайлы астанада қаңғыбас иттердің көбейгені туралы тақырып қозғалды. Сатеновтың айтуынша, ит ату тендерін «Жайық» ЖК жеңіп алған. Төрт мерген жылдам әсер ететін аделин уы бар найзалармен ататын  пневматикалық винтовкаларды қолданып, тәулігіне 80-85 иттің көзін жояды.

- Бірақ бұл жеткіліксіз, - деп қынжылыс білдірді Атыраудың бас ветеринары. - Иттер шынымен де көбейіп кетті. Бұған қыстың жылы болуы ықпал етіп отыр. Мен облыстық аңшылар қоғамына жұмыстан бос барлық мергендерін бізге жіберу туралы өтінішпен жүгіндім. Ақысы «Жайық» ЖК қызметкерлерінікімен бірдей болады.

Атырау әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ жағажайларға қатысты ахуал туралы әңгімеледі. Алдағы жазда «Атырау» ДСК маңында қалалық жағажай болмайды, ол жерге скейт-парк салынады. Ал Жилгородоктағы жағажайды жабдықтауды 3 кәсіпкер қолға алғысы келеді, олар үшін тендер ұйымдастырылады, ал жағажай бұрынғыша 3 жылға емес, 15 жылға жалға беріледі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 қаңтар 2019, 22:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.