Атырау, 29 қараша 01:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Қытай Айдың бетінде алғашқы биологиялық тәжірибе жасады

1 681 просмотра


Айдың арғы бетіне қонған Қытайдың «Чанъэ-4» зонды Ай бетінде алғаш рет биологиялық тәжірибе жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Ай бетінде биологиялық сынақ жүргізу үшін мақта, рапс, картоп, ақшешек, ашытқы тұқымы және жеміс шыбынының жұмыртқасы үлгі ретінде таңдап алыны. Агенттік жариялаған суреттерден Ай бетінде өсімдік тұқымдары көктеп жатқанын көруге болады. 

Соңғы жіберілген суреттерден байқайтынымыз, күшті сәуле мен температура айырмашылығына қарамастан мақта өскіні жақсы өсіп келеді. Бұл Ай бетінде өсіп шыққан алғашқы өсімдік тұқымы. Ғалымдар биологиялық үлгілердің жай-күйін бақылауды жалғастыруда. 

Синьхуа агенттігі «бұл Айдың бетіндегі алғашқы биологиялық тәжірибе» деп атап өтті. Айта кетсек, желтоқсан айында Қытай «Чанье-4» зондын ұшырып, 3 қаңтарда ол Ай бетіне сәтті қонды. Қытай 2030 жылға дейін осы салада Ресей мен АҚШ-ты озып, әлемнің негізгі ғарыш державасына айналуды мақсат етіп отыр.

Дереккөз: inform.kz

15 қаңтар 2019, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.