Атырау, 29 қараша 00:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Францияда «сары жейделілер» тағы шеруге шықты

1 698 просмотра


Францияда «сары жейделілер» тағы да наразылық шарасын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24». Оған бүкіл ел аумағында 84 мыңнан астам адам қатысты. 

Шеру әдеттегідей бейбіт басталып, соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Салдарынан 24 адам жарақат алып, 240 шеруші қамауға алынды. Олардың 156-сы Парижде тұтқындалған. 

Шерушілер бұл жолы да президент Макронның биліктен кетуін талап етті. Еске сала кетейік, Францияда «сары жейделілер» наразылығы қараша айының ортасында басталған еді. Билік бірер аптадан кейін шерушілердің талабын орындап, жанармай салығын көтеруге шектеу қойды. 

Алайда халық енді үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде. Ал соңғы мәліметке қарағанда қараша айынан бері жалғасып келе жатқан шерулерден 10 адам қаза тауып, 1500-нан астам тұрғын жарақат алған.

Дереккөз: 24.kz

13 қаңтар 2019, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.