Грузия президенті Саломе Зурабишвили айлық жалақысынан бас тартты. Бұл туралы Грузияның жаңадан сайланған басшысы алғашқы баспасөз-конференциясында мәлімдеген.
Енді президенттің жалақысы қайырымдылық мақсатында және инновацияны ынталандыру үшін арнайы ашылған қорға аударылмақ. Зурабишвили: « Қайырымдылық пен инновацияны қаржыландыруға президент әркез септігін тигізуі тиіс. Дәл осы тұсты, жаңадан қор ашып өзімнің айлық жалақымды аударып отыратын боламын. Сонымен қатар, менің соңымнан жалғастыратындар да бар болатындығына сенімім мол» деп өз пікірін ашық жеткізді.
2018 жылдың 28 қарашасында «Грузин арманы» партиясының атынан президенттікке өз кандидатурасын ұсынған Саломе Зурабишвили сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жеткен болатын. Грузия Орталық Сайлау комиссиясының шығарған қорытындысы бойынша, 100 пайыздық көрсеткіштің 59,52 пайызына ие болған азаматша Грузияның алғашқы нәзік жанды басшысы атанды.
Естеріңізге сала кетейік, Саломе Зурабишвили өз жалақысынан бас тартқан алғашқы президент емес. АҚШ-тың қазіргі басшысы Дональд Трампта өз кезегінде 400 000 АҚШ долларынан бас тартып, тек, 1 доллар жалақыға жұмыс істейтіндігін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, Джон Кеннеди мен Герберт Гувер де өз уақытында басшылыққа тиесілі жалақыларын алудан бас тартқан еді.
Дереккөз: "The Qazaq Times"