Атырау, 29 қараша 01:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Мьянма соты Reuters тілшілерінің апелляциялық шағымын қараудан бас тартты

2 143 просмотра


Мьянма соты 7 жылға бас бостандығынан айырылған «Reuters» агенттігі журналистерінің апелляциялық арызын қабылдаудан бас тартты. Соттың пікірінше, журналистердің адвокаты нақты дәлелдер ұсынбаған. 

Сол себепті қос тілшінің ісі қайта қаралмайды. Енді тілшілер Нейпьидо қаласында орналасқан Жоғары сотқа апеляицялық шағым түсірмек.

Бұған қатысты «Reuters» агенттігінің бас редакторы Стивен Адлер: «Соттың шешімі сол ел билігінің қандай әділетсіз және еркіндігі жоқ екендігін көрсетті. Бұл қаулы кезекті әділетсіздіктің айқын дәлелі. Репортаж жасау ешқашан да қылмыс жасады дегенді білдірмейді. Мьянма билігі шындық іздеген тілшілердің көзін жойғысы келеді», – дейді.

Ал Мьянмадағы ЕО елшісі Кристин Шмидт: «Мьянма сотының бұл әрекеті дұрыс емес. Апелляцияны қабылдап, журналистерді босату арқылы өз қателіктерін мойындауы тиіс еді. Ал бұлар, керісінше, Мьянмада сөз бостандығы жоқ екенін тағы бір мәрте дәлелдеді». Ва Лон мен Кья – Мьянмадағы рохинджа мұсылмандарына қатысты зорлық-зомбылықты зерттеумен айналысқан «Reutеrs» агенттігінің тілшілері. Олар Ракхайн штатындағы жантүршігерлік жағдай мен рохинджа мұсылмандары көрген қорлық туралы материалдар жариялап келген. 

Сондай-ақ биліктегі әділетсіздіктерді ашық айтып, зерттеген. 2018 жылы қыркүйекте Мьянма соты қос тілшіге рохинджа мұсылмандары туралы материалдармен жұмыс істеу кезінде мемлекеттік құпия туралы заңды бұзды деп, 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Жақында америкалық Time журналы қос тілшіні «Жыл адамы» атағына лайықты деп таныды. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

12 қаңтар 2019, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.