Атырау, 29 қараша 02:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Лукашенко: Мәскеу шартты орындамаса, жақын одақтасынан айырылады

1 417 просмотра


Егер Мәскеу Минскіге сататын мұнай бағасын арзандатпаса, Батыс тараптағы жалғыз одақтасынан айырылады. Беларусь Ресейден мұнай өнімдерін сатып алып, экспорттаған. Енді Ресей өзіне қауіп болған экономикалық дағдарыстан арылу үшін, мұнай бағасын өсірмек болған. 

Лукашенко жергілікті ақпарат құралдарына сұхбат беріп: «Егер де Мәскеу қара алтын бағасын қымбаттатса, Минск ірі көлемде өтемақы талап етеді. Қазір Ресейдің жақын одақтасынан айырылу қаупі бар және осыны пайдалнып Беларусьті өзіне қосамын деп ойламасын», – деді.

Осыған дейін екі ел президенті Мәскеуде кездесу өткізіп, аталған мәселелерді талқылаған болатын. Путин өз сөзінде Ресей мен Беларусь арасындағы байланыстардың қарқынды түрде дамып жатқанын және кейбір мәселелердің шешілетінін айтқан. Ал Беларусь президенті Лукашенко газ бағасына қатысты келіспеушіліктерді тез арада реттеу туралы ұсыныс білдірген. Бірақ, екі ел арасындағы энергетикалық байланыс әлі күнге дейін ушығып тұр.

Дереккөз: "The Qazaq Times"

 

11 қаңтар 2019, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.