Шекарашы Украинадан Еуроодақ елдеріне темекі тасымалдауға жәрдемдескені үшін пара алып отырған. Украина шекара қызметінің инспекторы пара алу үстінде ұсталып, ақшаны жеп қоймақ болды. Бұл туралы Украинаның Ұлттық полиция сайтында хабарланған.
Белгілі болғандай, шекарашы Венгриямен шекарадағы "Лужанка" өткізу пункті арқылы Украинадан Еуроодақ елдеріне еш кедергісіз темекі тасымалдауға көмектескені үшін пара алып отырған. Полиция мың доллар пара алу оқиғасын әшкереледі.
Инспекторды соңғы 200 долларды алып жатқан кезде ұсталған. Айғақтардың көзін жойып, жауапкершіліктен құтылмақ болған шекарашы параны жеп қоюға тырысады.
Қазір полиция "Лужанка" өткізу бекетінің басқа қызметкерлерінің жемқорлыққа қатысы барын тексеріп жатыр. Оқиғаға қатысты "Пара алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті он жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дереккөз: sputniknews.kz