Сирияның шығысында «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» шабуыл жасап, салдарынан 5 британдық әскери ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы бірнеше жауынгер жарақат алған. Қаза тапқан қызметкерлер АҚШ басқаратын халықаралық коалицияның қатарында болған. Сириялық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, лаңкестер құм боранын пайдаланып, араб-күрд жасағына шабуыл жасап үлгерген.
Бұл жасаққа Біріккен Корольдік әскері қолдау көрсетеді.
Дереккөз: 24.kz