АҚШ-та демократтардың көшбасшысы Чак Шумер мен конгрестер палатасының спикері Нэнси Пелоси Ақ үй басшысы Дональд Трамптан шатдаунды тоқтатып, шекарадағы қауіпсіздік мәселесін қайта талқыға салуды талап етті.
Шумердің айтуынша, президент өз әкімшілігіндегі былықты жасыру үшін әрі халықтың назарын басқаға аудару үшін бұл жағдайды әдейілеп жасаған.
Естеріңізге салайық, жуырда Дональд Трамп өзінің телеүндеуінде Мексика шекарасындағы дағдарысты ушықтырмау үшін екі ел арасында қоршау тұрғызу керектігін айтқан болатын. Ал бұған демократтар үзілді-кесілді қарсы.
Дереккөз: 24.kz