Атырау, 14 қаңтар 06:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Хакерлер Ресейдің көрікті орындарының атауларын өзгертіп жіберді

1 669 рет қаралды


Ресейде хакерлер Google-картада жергілікті көрікті орындардың атауларын өзгертіп жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Башинформ» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Мәселен, Уфаның Google-картасында жергілікті көрікті орындар мен басқа да нысандардың атаулары күлдіргі сөздермен ауыстырылып қойғанын көруге болады. Олардың арасында саябақтар, мектептер, гимназиялар, дүкендер, банк, сауда орталығы мен сауна бар. Мысалы, Уфаның Google-картасында Шаттыққа толы Достық үйі, Магометандық зират, Азат Халимов атындағы «Орталық қалжың» сауда кешені және тағы басқалары пайда болды. Сондай-ақ хакерлер Уфадағы нысандардың басым бөлігіне бразилиялық стриптизер Рикардо Милостың есімін берген.   

«Башинформ» агенттігіне Уфа әкімшілігінің баспасөз хатшысы Марсель Байдавлетов хабарлағандай, Google-картада жергілікті көрікті орындардың атауларының өзгеруі Ресейдің басқа да ірі қалаларында болған. Олардың арасында - Ульяновск және Воронеж бар. 

«Белгілі бір адамдар тобы немесе қоғамдастық қана нысандардың атауларын өзгерте алады. Бір адам мұны істей алмайды. Біз Google-сервиске хакерлердің жасаған өзгерістерін жоюды сұрап, сауал жолдадық. Таяу уақытта Уфаның Google-картасында көрікті орындар мен басқа да нысандардың бұрынғы атаулары қайта пайда болады деп үміттенеміз», - деді Марсель Байдавлетов.  

Дереккөз: inform.kz

9 қаңтар 2019, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.