Көптеген жыл соғыс жағдайында өмір сүрген Эритрея мен Эфиопия ресми түрде шекара бекетін ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сөйтіп, екі мемлекет өткен жылы жаз айында қол қойған бейбіт келісімді жүзеге асыруға кірісті. Тексеру-өткізу орны Эритреяның Омхаджер мен Эфиопияның Хумера қаласы арасындағы шекарада орналасқан.
Айта кетейік, Эритрея 1952-1983 жылдары Эфиопияның құрамында болған. 1993 жылы тәуелсіздігін жариялады. Бірақ көп ұзамай екі мемлекет арасында шекараға қатысты дау туып, ол соғысқа ұласты. 1998 жылы басталған қарулы қақтығыс 2 жылға созылып, текетірес атысты уақытша тоқтатумен аяқталды.
Сөйтіп, екі мемлекет өткен жылдың шілде айында ғана соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойған еді.
Дереккөз: 24.kz