Жергілікті билік шабуылға қатысты өзге ақпарат бермей отыр. Полиция оқиғаға түсінік беруден бас тартты. Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат бойынша, балаларды пышақтаған. Xinhua агенттігінің хабарлауынша, дәрігерлер олардың өміріне қауіп жоғын айтады.
Қытайда бұрын балалар шабуылға сирек ұшырайтын. Алайда соңғы кезде мұндай оқиғалар жиілеген. Былтыр маусымның соңында Шанхайда ер адам мектептердің бірінің маңында балаларға пышақ жұмсаған. Салдарынан екі бала қаза тауып, біреуі жараланған. Кейін шабуылдаған адамның Шанхайға келіп, жұмыс таба алмағаны, қоғамнан шабуыл жасап кек алмақ болғаны анықталған.
Былтыр сәуірдің соңында Шэньси провинциясында ер адам мектеп жанында балаларға пышақпен шабуылдап, 7 бала қаза тапқан. Былтыр қаңтарда Қытайдың оңтүстігінде белгісіз адам 12 баланы пышақтап өлтірген. Қылмыскерге таяуда өлім жазасы орындалған.
Дереккөз: azattyq.org